379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау теңіз порты астық экспортының жоспарын мерзімнен бұрын орындамақ

  • 99
  • UPD: 21:52, 14.04.2019

Ақтау теңіз порты астық экспортының алғашқы жартыжылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Терминал мамандары осындай уәде беріп отыр. Жыл басынан бері 270 мың тоннадан астам астық тиелген су көліктері Иран мен Әзірбайжанға жол тартқан. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір жарым есе артық. Егін бітік шықса, биыл астық экспорты бұрын-соңды болмаған көлемге жетуі тиіс. Себебі Каспий жағалауы мемлекеттерінен жоғары сапалы қазақ астығына деген сұраныс жыл санап артып келеді.

Рафаэль Галямов, бидай терминалының басқарма төрағасы:

- Былтыр 818 тоннадан астам астық теңізбен шектесетін мемлекеттерге экспортталды. Бидайға Иран еліне қарайтын порттардың барлығынан дерлік тапсырыс қабылданады. Сондай-ақ Әзірбайжан Республикасына кемелермен арпа жөнелтіліп келеді. Дихандардың биылғы егістіктен мол өнім жинауына тілектеспіз. Астықтың Ақтау портына теміржолмен жеткізу көлеміне қарай биыл рекордтық көрсеткіш қайталанып немесе жаңаруы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы