379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АХҚО соты мен Сенат ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады

  • 92
  • UPD: 18:04, 16.04.2019

«Астана» халықаралық қаржы орталығының соты дауларды шешу бойынша Еуразияда көш бастауға лайық.

Бүгін елордада аталмыш ұжым мен Сенат арасындағы ынтымақтастықты дамыту жайы талқыланды. ТМД ғана емес, батыс және Орталық Азия елдеріне қаржы-экономикалық көпір саналатын орталық әлемдік индекс бойынша 10 сатыға жоғарылап, 51-орынға тұрақтаған. Ал сот былтыр құрылып, ерекше құқықтық режимде жұмыс істеп жатыр. Мұнда оның мүшелерінен бөлек, тараптар келісімімен кез келген заңды тұлғалардың мәселесі қаралады. Енді «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының әлемдегі беделін арттыру маңызды. Сенаторлардың пікірінше, соттың материалдық-техникалық базасы бұған толықтай лайық.

Хабар 24 телеарнасы