388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Өзбекстан серіктестігі: туристік әлеует арта түспек

  • 440
  • UPD: 17:57, 17.04.2019

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында 9 құжатқа қол қойылды. Оның екеуі көші-қон мәселесіне арналған: жұмысшы мигранттардың құқығы мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша үкіметаралық келісімдер.

Сарапшылардың айтуынша, бұл екі құжат та шекараны бақылау механизмін жетілдіріп қана қоймай, қос мемлекеттің туристік әлеуетін арттыра түспек. «Сондықтан Ташкент төріндегі кездесулер осы сала бойынша бірлескен жобаларды көбейтуге серпін береді», - дейді олар.

Өзбекстан – Қазақстанның Орталық Азиядағы алыс-берісі көп ең ірі сауда серіктесі. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 25 процентке артып, 2,5 миллиард АҚШ долларына жеткен. Алайда, қос мемлекеттің түрлі салалардағы байланысты ескерсек, бұл көрсеткіштің  аздық ететіні рас. Сондықтан тараптар тауар айналымын алдағы уақытта екі есе арттыруға келісті.

Бұдан бөлек, экономикалық серіктестіктің жандануы инвестиция, инфрақұрылымдық даму, туризм, шекаралық ынтымақтастық және транзит секілді бірқатар саладағы қарым-қатынастың нығаюына ықпал етпек.  

Хабар 24 телеарнасы