386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы пікірі: Қазақ-өзбек байланысының жаңа дәуірі басталды

  • 571
  • UPD: 20:54, 17.04.2019

Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азия елдері арасындағы аймақаралық татулық және қауіпсіздікті сақтауда күш-жігерін біріктіруші локомотивке айналды. Бұған қос елдегі жаһандық үрдіске қарсы жүріп жатқан интеграциялық үрдістер мен цифрландыру процестері негіз болып отыр. Қазақстан Президентінің Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарына қатысты пікір білдірген көрші елдің саясатшылары осылай дейді.

«Ал  қазақ-өзбек шекарасында ашылатын «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық орталығы тіпті Батыс пен Шығысты жалғайтын хаб болуы әбден мүмкін», - дейді экономистер.

Қанат Жүнісбеков, тілші:

- Көрші елдің саясатшылары Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы байланыстың жаңа дәуір басталды деп отыр. Өйткенің кешегі қос ел басшысының кездесуінде бірқатар маңызды мәселеге қол қойылды. Оның ішінде экономикалық, сауда-саттық және көлік-логистиканы дамыту мәселесі бар. Үкіметаралық комиссиясы бірлесе отырып ортақ «Жол картасын» жасамақ. Ең негізгісі - туризм кластері құрылады.

Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азия аумағындағы ең ірі әрі іргелес жатқан мемлекеттер. Өзара бауырмалдығы тағы бар. Ұлы Жібек жолындағы ынтымағы мен барыс-келісі дамыған елдер. Олай дейтініміз, өткен жылы қос ел арасындағы сауда айналымы 3 миллиард АҚШ долларынан асып жығылған. Алдағы меже 5 миллиард. Оған екі ел арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық стратегиясының ережелері негіз бола алады. «Жалпы Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азия елдерінің көшбасшысына айналды», - дейді саясаттанушы.

Кодир Джураев, саясаттанушы:

- Екі мемлекет аймақаралық күш біріктіру мен татулық және қауіпсіздікті сақтау тұрғысынан алып қарағанда, ықпалдастырушы фактор болып табылады. Өзара бірлескен экономикалық жобаларды жүзеге асырылуы мен түрлі саладағы бастамалар оған негіз болып отыр. Осы жағынан алып қарағанда, қос мемлекет Орталық Азиядағы көшбасшы деуге болады.

Шекара шебінен ашылатын «Орталық Азия» халықаралық орталығы сауда-саттықпен бірге өзге елдер нарығына жол ашпақ. Жалпы бұл қазақ-қытай шекара аймағындағы сауда орталығынан кейінгі үлкен құрылым болмақ. Оған қоса Орталық Азия мен Еуропа нарығына жол ашады. Қазақстан Президенті Өзбекстанға жасаған сапарында шекара бақылау-өткізу бекеттерінің оңтайландыру арқылы тауар айналы мен бизнеске жағдай жасалатынын атап өтті. Оған қоса туризм кластерін құру мәселесін көтерді. Қазақстан ұсынған ортақ виза жобасының берері мол болмақ. Өйткені әлем кезген саяхатшылар бір елге келу арқылы көрші мемлекеттің, яғни, Шығыстың маржандарын да тамашалай алады

Тулкинжон Каримов, депутат:

- Қазақстан Президентінің туризм кластерін дамыту бойынша пікірі өте көңілге қонымды болды. Бұл жерде Түркістан, Самарқанд және Бұқара тарихи қалаларын байланыстыруды алдына мақсат етіп қойды. Бұл бізге екі елдің ғана емес, дүние жүзінің назарын аударып, өзара туризм саласының дамуына кепіл болады.

Екі ел арасындағы сауда айналымының артуына өткен жылы Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылған бірінші өңіраралық бизнес форум негіз болған. Соның арқасында қазір Қазақстанда Өзбекстан капиталымен 1400-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Акмал Рахманов, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің заң шығарушы палатасының депутаты:

- Екі ел арасындағы экономикалық және гуманитарлық саладағы байланыстың жаңа жобасын көрдік. Бұл жерде еларалық және халықаралық дәрежедегі келіссөздер халықтар арасындағы достық бауырмалдық өте маңызды рөл ойнайды. Президентіміз құттықтау сөзінде «Алыстағы туысқаннан жақындағы көрші артық» деген қазақ халқының бір өте керемет теңеуін айтты. Бұл көнеден келе жатқан сабақтастық пен тарихымызды бүгінгі байланысты білдіреді.

«Қазақстанның Өзбекстандағы жылы деп жариялануы бұл тарихы бір қос елдің мәдени һәм рухани сабақтастығының жалғасы болмақ», - дейді саясаттанушылар.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Темур Исмаилов

Хабар 24 телеарнасы