377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы уақытылы аяқталады

  • 96
  • UPD: 22:17, 17.04.2019

«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы жоспарға сәйкес биылғы жылдың желтоқсан айында аяқталып, келесі жылы пайдалануға берілмек. Қазір бұл жерде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Газ магистралі Жезқазған, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Көкшетау мен Петропавл қалаларына дейін тартылып, бас-аяғы 200-ге тарта елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етпек.

Газдандыру есебінен көмір тұтыну көлемі жылына 650 мың тоннаға азаяды деп болжанып отыр. Бұл елдегі экологиялық ахуалды жақсартпақ.

Хабар 24 телеарнасы