378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея Қазақстанға «ақылды ауыл» инновациялық моделін енгізуді ұсынды

  • 494
  • UPD: 14:07, 18.04.2019

Корейліктер елімізге өздерінің «ақылды ауыл» инновациялық моделін енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Қазақстан-Корея елдерінің даму келешегі» атты семинарда белгілі болды. Онда қос елдің экономистері өзара тәжірибе алмасып, әріптестік қатынасты дамыту жайын талқылады. Қазақстандық сарапшылар Корея Республикасының жаһандық экономикалық тәуекелдерінен үлгі алу жолын қарастырды. Әсіресе, «Цифрлық технологияның көш басында тұрған елден біздің үйренеріміз көп», – дейді қазақстандық сарапшылар. Кездесу барысында денсаулық сақтау саласына енгізілетін тың технологиялар жайы сөз болы. Жалпы соңғы 5 жылда Қазақстан мен Корея арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық нығая түскен.

Ли Чже Ен, Корея халықаралық экономикалық институтының президенті:

– Біз Қазақстанмен экономика саласында ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейміз. Өткен жылы қос ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллардан асып түскен болатын. Сондай-ақ біз ауыл шаруашылығы саласы жағынан ынтымақтастықты дамытуды көздейміз. Себебі қазақ елі осы салада зор мүмкіндіктерге ие. Бұл мәселелер жақын арада нақты шешімін табады деген үміттеміз.

Мұқан Бауыржан, экономикалық зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары:

– Цифрлық экономикаға байланысты бізді индустрия саласында көптеген жоба қызықтырып отыр. Біздің – мақсат бұл диологта қызметкерлердің тәжірибесін Оңтүстік Кореяда жандандыру бойынша тәжірибеге байланыстырғымыз келіп отыр. Екіншіден бірлескен ғылыми жобаларын бірге ұйымдастырсақ, бізге де, ол елге де үлкен пайдасы тиеді.

Хабар 24 телеарнасы