378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында бірқатар ірі инвестордың құқығы қорғалды

  • 182
  • UPD: 22:57, 19.04.2019

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерлері аймақтағы 25-тен астам ірі инвестордың құқығын қорғады.

Бұл былтыр ғана бастау алған кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғауды көздейтін арнайы бизнес-жобаның нәтижесі. Аймақтағы тілшіміз Айнұр Абдиева тарқатып айтсын.

Бұл жоба аясында Қазақстан нарығына кірген барлық инвестордың заңды құқықтары қорғалады. Ол үшін кәсіпкерлер тарапынан келісім берілуі тиіс. Екі жақтық келісім шартқа қол қойылғаннан кейін ол жобаға қатысушылардың тізіміне енгізіледі. 

Арсылан Мыңғышов, ҚР МҚІСЖҚА Қарағанды облысы бойынша департаменті басқармасының бас маманы:

-32 жобаның негізгі мақсаты Қазақстанға келетін кәсіпкерлердіңғ ірі бизнесмендерді, инвесторларды әкімшілік кедергілерден, бюракратиялықтан және заң бұзушылықтардан қорғау, оларды сондай іс ірекеттер болса, соларды шешу мәселесімен айналысады. Мысалы, мемлекеттік органдарға келеді, рұқсат алу қағаздары бар, жер алу мәселесі бар, мемлекет көрсететін қызметтер бар. Осы кезде инвестордық немесе кәсіпкердің заңды құқығы бұзылса біз соны шешуге тырысамыз.

Қазақстандық-ресейлік ынтымақтастық аясында ашылған фармацевтикалық кешен кәсіпкерлерді заңсыз іс-әрекеттерден қорғауға бағытталған жобаға еніп отыр. Қазақстан нарығын дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ететін қарағандылық кәсіпорын 2019 жылы сүт безі мен асқазанның қатерлі ісігін емдейтін дәрі шығарды. Бұл жобаға инвесторлар 3 жарым млрд теңгеден астам қаражат құйды. Қазір мұнда 180-ге жуық адам еңбек етеді.

Ерікбек Ағатанов, фармацевтикалық кешеннің атқарушы директоры:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаға келісім берген инвесторлар өздерінің заңды құқықтарының қорғалатынына сенімді. Өйткені бір рұқсат алу қағазының мерзімі белгіленген уақытта берілмесе, бұл кәсіпорын жұмысына бөгет жасап, өндірістік процеске кедергі болады. Сондықтан бұл департаментпен біріге жұмыс істеу біздің жұмысызды әлдеқайда жеңілдетіп отыр.

Қазір Қарағанды облысында кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғауға бағытталған бизнес-жоба аясында 40-тан аса инвестормен келісім шартқа қол қойылды. 

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Хабар 24 телеарнасы