379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Coface агенттігі ОА елдері экономикаларының тәуекелдерін бағалады

  • 124
  • UPD: 08:37, 20.04.2019

Coface халықаралық сақтандыру агенттігінің сарапшылары Орталық Азия елдері экономикаларын бағалады.

Мамандардың есебіне сай, әлемдік сауда өсімінің қарқыны 2,3% дейін төмендейді. Ал дүниежүзілік жалпы ішкі өнім 2,9% құрайды. Бұл былтырғы көрсеткіштен төмен. Мұнай бағасы өседі деген болжам бар. Бұл Қазақстан мен Түрікменстан экономикасына оң әсер етпек.

Coface сарапшыларының пікірінше, Қазақстанда өзгелермен салыстырғанда, жағдай тұрақты. Әлемге экономикасын жақында ғана аша бастаған Өзбекстанның дәрежесін сәл төмен бағалаған. «Ал шетелмен тығыз қарым-қатынас орнатпайтын Түрікменстанға қауіп төніп тұр», - дейді мамандар.

Доминик Фруштер, Coface компаниялар тобының зерттеу директоры:

- Бұған бизнес-климаттың өзгеруі негіз болып отыр деп ойлаймын. Іскерлік ортаны жақсарту бойынша өзгелерден озық тұрған Қазақстан бәріне үлгі көрсетіп жүр. Заңгерлік, әкімшілік рәсімдер, инфрақұрылым, салықтар, білім беру, медицина – мұның бәрі маңызды.

Хабар 24 телеарнасы