377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада өтетін қазақ-корей бизнес форумына Мун Чжэ Ин қатысады

  • 264
Елордада өтетін қазақ-корей бизнес форумына Мун Чжэ Ин қатысады magnis.news

Нұр-Сұлтан қаласында қазақ-корей бизнес форумы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтулы шараға Оңтүстік Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин қатысады деп күтілуде. Форумға қос елдің 500-ге жуық іскер топ өкілдері, сондай-ақ отандық және кореялық бизнесмендер келеді. Бұл еліміз үшін экспорттық мүмкіндікті арттыратын алаңға айналмақ. Бизнес-форум тәжірибе алмасумен қатар Қазақстан және Кореяның кәсіпкерлері арасындағы байланысты нығайтып, түрлі салада екіжақты ынтымақтастықтың дамуына серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы