378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» ХҚО базасында инвестициялық хаб құрылады

  • 199
  • UPD: 12:22, 22.04.2019
«Астана» ХҚО базасында инвестициялық хаб құрылады

«Астана» қаржы орталығының базасында инвестициялық хаб құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі онда ағылшын құқығы негізінде елімізге инвестиция тартуға мүмкіндік бар. Әрі халықаралық арбитраж орталығы мен ағылшын соты жұмыс істейді. Осы шаралардың нәтижесінде негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемі жалпы ішкі өнімнің 30 пайызына жетуі тиіс. Қазір бұл көрсеткіш 19 пайызды құрайды. Ал жұмысты жүйелі жүргізу үшін Премьер-министрдің төрағалығымен елімізде инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл бюджеттен қосымша шығынды талап етпейді.

Қайрат Келімбетов, «Астана» қаржы орталығының басқарушысы:

– Біз осылайша барлық институттардың жұмысын оңтайландырып, керісінше бюджет шығындарын үнемдеуді көздеп отырмыз. Сондай-ақ Үкімет арнайы жол картасын қабылдайтын болады. Онын аясында заң актілеріне түзету енгізу, халықаралық орталықтармен байланыса отырып, инфрақұрылым, қаржы, салық жүйесін оңтайландыру мәселесі қарастырылады. Себебі бізде инвесторларға арналған жеңілдіктер өте көп. Іскер азаматтарға сол шараларды барынша түсінікті етеміз. Бастысы, даму институттары бірлесе жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы