378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бәйтерек» холдингі Корея корпорацияларымен келісімге отырды

  • 154
  • UPD: 23:28, 22.04.2019

Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында бірқатар келісімге қол қойылды. Соның ішінде екі ел кәсіпкерлері қалалық инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіптік технологиялар сынды салаларда әріптестікті күшейтуге уағдаласты.

Елордадағы Қазақстан-Корея бизнес форумына қос елдің беделді бизнес өкілдері жиналды. Олар қалалық инфрақұрылым, шағын және орта бизнесті дамыту сынды салаларда тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Іс-шара аясында «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы мен Корея Республикасының  технологияларды дамыту институты арасында меморандумға қол қойылды. Кореядағы шағын және орта бизенс үлесі 70% жетеді.

Айдар Әріпханов,  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы:

- Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында «Бәйтерек» холдингі KIND және KIAT корпорацияларымен екі келісімге қол қойылды. KIAT – бұл біздің бұрынғы Технологиялық даму агенттігінің аналогы деуге болады. Кореяның бұл бағыттағы тәжірибесі біз үшін өте маңызды. Біз консалтингтік қызмет саласында ынтымақтастықты тереңдетіп, сондай-ақ осы жұмысты ұйымдастыруда көмек көрсететін корейлік мамандарды Қазақстанға тартуды көздейміз.

Корей инвесторлары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 800 млн доллардың төрт жобасын жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. 

Кёнгу Ху, Шетелдік қалалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі (KIND)  корей корпорациясының президенті:

- Мен қазақстандық «Бәйтерек» холдингімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өте қуаныштымын. Корей компаниялары қазақстандық инфрақұрылым нарығына қызығушылық танытуда. Осыған байланысты біз жергілікті компанияларымызды Қазақстан нарығында өз бизнес-жобаларын кеңейтуде қолдауға қуаныштымыз.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес «KazakhExport» АҚ Корей сауда сақтандыру корпорациясымен, ал «Даму» Қоры Корей ШОБ және стартап агенттігімен келісімге отырды.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы