379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Ресей өндірістік кооперацияны дамытуға 1,2 млрд доллар инвестиция құймақ

  • 186
  • UPD: 12:51, 24.04.2019

Қазақстан мен Ресей арадағы өндірістік кооперацияны дамыту үшін 1,2 млрд доллар инвестиция құймақ ниетте, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барған ресми іс-сапарында қол қойған. Бұл бағдарлама аясында Қазақстан-Ресей арасындағы өндірістік кооперациясы одан әрі дамып, жаңа өндірістік жобаларды бастау жұмыстары қолға алынады. Жоспарда елімізде ауылшаруашылық, жүк және жеңіл көлік жасайтын зауыттар құрылмақ. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, 2018 жылы Ресейден келген инвестиция 34 пайызға өсті, ал, екі ел арасындағы өндіріс соңғы 3 жылда 63 процентке артты.

Никита Мендкович, халықаралық істер бойынша Ресей кеңесінің сарапшысы:

– Қазақстанда Ресейдің үлесі бар 9 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың үштен бірі – бірлескен кәсіпорындар. Соның ішінде көлік өнеркәсібінің маңызы ерекше. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерге жету жолында ресейлік капиталды тартудың үлес салмағы арта түсетіні белгілі. Бірлескен еуразиялық нарық құрылып, тауар өндіріліп, жаңа жұмыс орындары ашылатыны анық.

Хабар 24 телеарнасы