389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ляньюньганнан – Тынық мұхитқа

  • 404
  • UPD: 09:58, 25.04.2019
Ляньюньганнан – Тынық мұхитқа

«Бір белдеу, бір жол» мегажобасы аясында Ляньюньган кемежайындағы қазақ-қытай транзиттік логистикалық базасы тұңғыш рет Тынық мұхитына жол ашты.

Енді Қазақстан Еуразияны алып мұхитпен байланыстыратын маңызды көліктік хаб саналады. Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына биыл 6 жыл болады. Оны алғаш қолдағандардың бірі Қазақстан еді. Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының 3 мың шақырымға жуығы елімізге тиесілі. Қытайдан тасымалданатын өнімдер 16 тәулік ішінде Еуропаға жеткізілуі тиіс. Айтпақшы, биыл Құрық айлағынан 2,5 миллион тоннадан аса жүк тасымалданады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн тоннаға көп.

Хабар 24 телеарнасы