378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Түркия арасында сауда айналымы артады

  • 174
  • UPD: 10:48, 25.04.2019

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 10 миллиард АҚШ долларына жетуі тиіс.

Екі елдің 2017-2020 жылдарға арналған «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасында осындай меже белгіленген. Бұл бағытта қазақ-түрік ынтымақтастығын арттырып, инвесторларды елімізге тартып, бірлескен өндіріс аймақтарын құрып, ортақ жобаларды жүзеге асыру қажет. Түркиядағы елшіміз Абзал Сапарбекұлы Кайсери провинциясында кәсіпкерлерімен кездесіп, еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Инвесторларға көрсетілетін жеңілдіктер жайлы ақпарат та берді.

Тахир Нұрсачан, Кайсери өндірістік аймағының басқарма басшысы:

- Кайсери өндірістік аймағы – 42 жылдық тәжірибеге ие еліміздің ең алғашқы орталықтарының бірі. Бүгінде өндірістің аймағымызда 1300-ден астам компаниясында 70-75 мыңнан астам кісіні жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Бұл тәжірибемізді ата жұртта да қолдануды көздейміз. Егер Қазақстан бізге дайын өндірістік аймақпен қамтамасыз ететін болса, мұндағы тәжірибемізді бауырлас елде толық жүзеге асыруға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы