377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Ресей Үкімет басшылары маңызды келісімдерге қол қойды

  • 182
  • UPD: 21:59, 25.04.2019

Мәскеуде Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин және Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос тарап сауда-экономикалық, көлік тасымалы, энергетика мен ғарыш салаларында өзара ынтымақтастықты ұлғайту сауалдарын талқыға салды. Сондай-ақ екі ел аймақтары арасында және шекара маңындағы әріптестікті дамытудың әлеуетін қарастырды. Басқосуда Қазақстан аумағында КАМАЗ автотехникасы мен қосалқы бөлшектерінің өндірісін дамыту бойынша келісімге қол қойылды. Сонымен қатар қазақстандық «Агромашхолдинг» компаниясының зауыттарында «Кировец» тракторларын шығару бойынша Жол картасы әзірленді. Қазақстан – Ресейдің негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. 2018 жылы өзара сауда көлемі 4,5%-ға өсіп, 18 миллиард доллардан асқан. Ал қазақстандық экспорттың мөлшері  6%-ға артты. 

Дмитрий Медведев, РФ үкіметінің төрағасы:

– Бүгінде Қазақстан алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда, Еуразиялық экономикалық одақ аясында тұрған мақсаттарымызға жету жолында сізге табыс тілеймін. Осыған дейін де одақ шеңберінде екіжақты кеңесулер барысында сізбен үнемі байланыста болдық. Енді одан да жиі кездесіп тұрамыз. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

– Екі ел арасындағы қатынастар бүкіл салада қарқынды дамып келеді. Осы қарым-қатынасымыз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Ресей Президенті Владимир Путин қалаған стратегиялық бағытқа негізделген. Жақында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасаған сапары кезінде Владимир Путинмен қол жеткен келісімдердің екіжақты байланыстырымызды дамытуда маңызы зор. Және бүгінгі кездесуіміз осы келісімдерді жүзеге асыру бойынша нақты қимылдарды талқылаудың жақсы мүмкіндігі болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы