378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» қоры Бейжіңде бірқатар тиімді келісімге қол жеткізді

  • 140
  • UPD: 22:41, 25.04.2019

Бейжіңдегі «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумы аясында «Самұрық-Қазына» қоры жергілікті инвесторлармен дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға отандық компаниялардың топ-менеджерлері, Қытай бизнесінің өкілдері және Қытайдағы ірі мемлекеттік корпорациялардың басшылары қатысқан. Оларды қордың инвестициялық мүмкіндіктері қызықтырып, тараптар арасында бірқақтар келісім жасалды.

Бейжің төрінде өткен жиында «Самұрық-Қазына» қоры бірқатар тиімді келісімге қол жеткізді. Оның ішінде қазақстандық компания енді Қытайдың Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық қорымен етене жұмыс жасайды. Қос тарап арасындағы келісім бірлесіп инвестиция құюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Самұрық-Қазынаның» «Eurasian Nurly Investment Fund» қорына потенциалды инвестор ретінде кіруіне байланысты меморандумға қол қойылды. Қазақстан мен Қытай арасында қор шетелдік инвестиция тартумен айналысады.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

– Қордың жаңа даму стратегиясы аясында біз Қазақстандағы жобаларға белсенді түрде инвестиция құямыз. Қор портфелін әртараптандыру мақсатында «Самұрық-Қазына» өзге тәуелсіз қорлармен және инвесторлар консоциумымен стратегиялық серіктестікке кіру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы ара-қатынасының барлық салаларында көршілік татулық орнаған. Екі мемлекет басшысының стратегиялық көзқарастарына сүйене отырып, біз екіжақты қарым-қатынасты дамытып келеміз.

Бұдан басқа, қорға қарасты «Біріккен химиялық компания» мен «Huajin Group» арасында минералды тыңайтқыштарды өндіру жобасына қатысты келісімге қол қойылды. Жобада елімізде қуаты 800 мың тонна болатын зауыттың құрылысы қарастырылған. 600 млн доллар тұратын зауыт 2023 жылға дейін салынуы тиіс.

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы