377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегеран төрт ел торабындағы темір жолдан табыс табуды көздеп отыр

  • 173
  • UPD: 12:29, 26.04.2019

Тегеран Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол бағытын жандандырып, жаңа инвесторларды тартуды жоспарлап отыр.

Сарапшылардың пікірінше, көп тарамақты жолдағы жүк тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік мол.

Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолы туралы үш жыл бұрын айтылды. Қазір бұл жоба сынақ ретінде жұмыс істеп жатыр. Дегенмен шойын жолмен тауар тасымалдау жыл сайын дамып келеді. Иран жақын айларда Пекиннен 2 жүк контейнерін қабылдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ биыл Тегеран бұл бағытпен техника, ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдауды арттырады.

Хамидрезба Тахмасби, экономикалық шолушы:

- Бұл жобаның Тегеран үшін саяси, экономикалық және әлеуметтік маңызы зор. Жалпы Иран, Қазақстан, Түркіменстан және Қытай арасында бұл темір жол кең көлемде жұмыс істеуі керек деген келісім бар. Бірақ қазір оның әлеуетін толық пайдаланып отырған жоқпыз.

Иранда қазір кәсіпкерлердің бұл бағытқа қызығушылығы артқан. Себебі осы темір жолмен жүк тасымалдау өзге жолдарға қарағанда әлдеқайда арзан. Табиғат жанашырлары да теміржолдың экологиялық таза және қоршаған ортаға еш зияны жоқ екенін айтады.

Бахрам Хонлар, Iran Today телеарнасының бас директоры:

- Бұл бағытпен жүктердің тасымалданып жатқаны маңызды. Онымен Иранға да көптеген қажетті тауарлар жеткізіліп жатыр. Мысалы бізге ауылшаруашылық өнімдері, көлік құрал-жабдықтары және өзге де көптеген тауарлар қажет.

Иран сарапшыларының пікірінше бұл теміржол Қазақстан үшін жаңа нарықтарға, мысалы, Үндістан мен Біріккен Араб Әмірліктеріне шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Иран Нұр-Сұлтан қаласын Чахар-Бахар портымен де тікелей байланыстырады. Ал алдағы уақытта жобаға Ресей мен Еуропа елдері қатысуы мүмкін.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы