389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО мен Қытай арасындағы тауар айналымы 510 млн доллардан асты

  • 392
  • UPD: 12:14, 26.04.2019
ШҚО мен Қытай арасындағы тауар айналымы 510 млн доллардан асты

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 510 миллион доллардан асып жығылды.

Оның ішінде экспорт көлемі 308 миллион долларды құрайды. Шекаралас елге өндірісті өлкеден әсіресе  тазартылған және  өңделмеген мыс қоспалары жөнелтіледі. Ал азық-түлік жағынан күнбағыс майы, ет және бал өнімдерінің өтімі жақсы. Мәселен, ет өнімдерін аспан асты еліне өткізу барысын жеңілдету үшін Өскеменде қытай стандартына негізделген зертхана салу жоспарланды. Бұған көрші ел 1 миллиард теңге бөліп отыр. Бұдан өзге жергілікті омарташылар да шет ел нарығына шығуға мүдделі. Өйткені Қытай елінің тәтті өнімге деген қызығулығы жоғары. Өткен жылдың күзінде ол жаққа екі партия бал жіберілген екен. Ал биыл наурыз айында 250 тонна бал экспортталған. Өңірдегі ең ірі бал өндіруші шаруашылық қазір «экспорттаушылар тізіміне» еніп отыр.

Валерий Қасымбаев, омарта шаруашылығының жетекшісі:

- Барлығы да тұтынушыларға байланысты. Әсіресе қытай елі тарапынан болатын сұраныстың маңызы зор. Америка ,Моңғолия сияқты елдермен де  іскерлік қарым қатынас орнатып жатырмыз. Жалпы Қазақстанда жылына шамамен 15 мың тонна бал өндіріледі.Оның 5 мың тоннадан астамы ел ішінде қалады.Қалғаны жақын және алыс шет елдерге өткізіледі.Әрине бұл көрсеткішті арттыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы