379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н. Назарбаев Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» форумының панельдік сессияларына қатысуда

  • 250
  • UPD: 15:10, 27.04.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» форумының бүгінгі отырыстарына да қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төрткүл дүниеден келген көшбасшылар алғашқы панельдік сессияда Жібек жолын жаңғырту үшін өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты. Бейжіңдегі «Яньци» орталығында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мәртебелі меймандарды ресми түрде қарсы алды. Яғни жоғары деңгейдегі жиын басталмас бұрын көшбасшылар қол алысып, жылы жүздесті. «Дамудың жаңа көздерін зерделеу мақсатында үйлесімділікті нығайту» тақырыбында өткен басқосуда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин сөз бастады. Ол инфрақұрылым, цифрлық технология, инновациялық даму төңірегінде ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ әлемдегі тұрақсыздық жағдайында бірлескен іс-қимылға кірісуге шақырды. Бұл ретте, өзара байланыстың жаңа тетіктері әзірленуі қажет. Си Цзиньпин ашықтық қағидатын ұстанып, ықпалдастықты барынша арттыруға да мүдделі. Бұдан әрі отырыс жабық есік жағдайында жалғасты. Айта кетейік, Бейжің уақыты бойынша түс ауа Елбасы тағы бір жоғары дәрежелі отырысқа қатысады деп күтіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы