379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бір белдеу, бір жол» форумында цифрлық экономиканың даму болашағы талқыланды

  • 99
  • UPD: 18:45, 27.04.2019
«Бір белдеу, бір жол» форумында цифрлық экономиканың даму болашағы талқыланды

Бейжіңдегі «Бір белдеу, бір жол» форумында цифрлық экономиканың даму болашағы талқыланды.

Мысыр, Түркия, Нигерия сынды сегіз елдің үкімет өкілдері осы саладағы тәжірибелерімен бөлісті. Сарапшылардың айтуынша, экономиканы цифрландыру мемлекеттік қызмет пен бизнес саласының жұмысын ширатады.  Сондай-ақ, осы форумда жасанды интеллект, ауқымды мәліметтер қорын өңдеу мен электронды есептеу бойынша Қытаймен бірлескен жобалар пысықталды. Шараға қатысушылар сондай-ақ цифрлық экономика «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы өзара ықпалдастықтың дамуына жол ашатынын да атап өтті. Сессия қорытындысы бойынша, 22 компания IT саласында әріптестік орнату жөнінде келісімге қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы