389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Венгрия форумында бірқатар келісімге қол қойылды

  • 415
  • UPD: 14:15, 29.04.2019
Қазақстан-Венгрия форумында бірқатар келісімге қол қойылды

Елордада Қазақстан-Мажарстан бизнес форумы өтті. Шара аясында 11 бағыт бойынша келісімдерге қол қойылды.

Оның ішнде кәсіпкерліктен бөлек, туризм, медицина, тамақ, құрылыс, химия және машина жасау салалары қамтылған. Тіпті, тарихи мұраларды зерттеуді сала мамандары бірігіп қолға алмақ. Айта кетейік, қазір елімізде Мажарстан капиталының қатысуымен 60-тан аса кәсіпорын жұмыс істейді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мажарстан бізге 200 млн доллар көлемінде инестиция құйды. Ал екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы және осы жылдың бірінші тоқсанында 155 млн долларды құрады. Бүгін жасалған келісімдер алыс-берісті одан сайын арттырарына сенімді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы