378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

  • 385
  • UPD: 23:42, 29.04.2019

Нью-Йорк сауда палатасы алаңында жергілікті кәсіпкерлерге Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған форум өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараны еліміздің Бас консулдығы «Қазақстан – АҚШ сауда қауымдастығы және «Эйр Астана» ұлттық компаниясының Нью-Йорктегі өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырған. Басқосуға қаржылық және банк қызметтері, консалтинг, құрылыс, жылжымайтын мүлік, ақылды қалаларды дамыту, ІТ және өзге де салаларда қызмет атқаратын ірі және орта компаниялардың өкілдері қатысты. Нью-Йорктегі Бас консулымыз Жәнібек Әбдірашов қатысушыларға инвестиция тартудағы тың әдістеріміз және инвесторлармен жұмыс істейтін аймақтық хабға айналатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы жөнінде баяндады. Өткен жылы Қазақстанға құйылған инвестиция мөлшері 15,8 процентке артып, 24 миллиард долларға жеткен.

Жәнібек Әбдірашов, ҚР Нью-Йорктегі бас консулы:

- Америка бизнесі жағынан қызығушылық бар, бұл тұста Қазақстанда жақсы механизм құрылғаны маңызды. Үйлестіруші Кеңес инвесторлардың елімізде туындаған бар мәселелерін шешумен айналысады. Осындағы біздің мақсатымыз тек ірі бизнесті ғана емес, инвестициялық мүмкіндіктері бар орта және шағын бизнесті бағыттау болып тұр. Олар қаражатын өзге елдерге салып жүр, өйткені Америка – кең нарық, ал Нью-Йорк – әлем деңгейіндегі нөмір бірінші қаржы орталығы. Мұнда өте көп компаниялар бар. 

Хабар 24 телеарнасы