379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз Түркияға әскери мақсатта қолданылатын өнімдерді экспорттайды

  • 186
  • UPD: 23:57, 03.05.2019

Қазақстан Түркияға әскери мақсаттағы өнімдерді экспорттайтын болады.

Ыстамбұлда өткен қорғаныс саласының Интэрнэшнл Дифенс Индастри Фэйэ (International Defense Industry Fair) 2019 халықаралық көрмесінің нәтижесінде қазақстандық делегация осындай келісімге қол жеткізді. Осымен 14-рет ұйымдастырылған шараға 67 елден 1061 компания қатысып отыр. Халықаралық жәрмеңке өндірушілер үшін заманауи қорғаныс технологияларымен және әскери өнеркәсіп кешені саласындағы үлгілерімен танысудың мүмкіндігі болып табылады. Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің кәсіпорындар құрылымына енетін «Қазақстан Аселсан инжиниринг» Түркиямен оптика электрондық құралдарды экспорттау жөнінде шарт жасасты. Бұдан өзге компания түрік кәсіпорнымен Қазақстан Республикасының аумағында тікұшақтарға арналған электрондық құрылғылар кешенін жаңашаландыру жөнінде меморандумға қол қойды.

Талғат Жанжүменов, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі:

- Қазақстан үшін «IDEF-2019» көрмесіне қатысу өте маңызды. Өйткені Қазақстанда қорғаныс өнеркәсібі өзінің жұмысын қарқынды дамытып, жүргізіп жатыр. Сондай-ақ еліміздегі жаңа технологиялар, жаңа инвестициялар және де Қазақстанда шығарылатын әскери тауарларымыз Түркия нарығына шығуына себеп береді.

Хабар 24 телеарнасы