389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 3 трлн теңгеге 1300-ге жуық МЖӘ жобасы жүзеге асырылған және әзірлену үстінде

  • 385
  • UPD: 11:57, 06.05.2019
Қазақстанда 3 трлн теңгеге 1300-ге жуық МЖӘ жобасы жүзеге асырылған және әзірлену үстінде primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері қаралды.

ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің ел экономикасына әсері, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жандандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Оның айтуынша, соңғы жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы инвестициялар тарту ұлғайды. Бұл жалпы ішкі өнімнің өсуіне 0,2% деңгейінде үлес қосты.

1 мамырдағы жағдай бойынша жобалардың жалпы саны 2,9 трлн теңге сомасына 1285 жобаны құрайды. Оның ішінде 1,5 трлн теңге сомасына 548 шарт жасалды. Дайындық сатысында 1,4 трлн теңге сомасына 737 жоба тұр. Ең көп жобалар саны білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, мәдениет және спорт салаларына тиесілі.

Республикалық деңгейде 25 жоба бар, оның ішінде 9 келісімшарт жасалған, конкурс сатысында 2 жоба және жоспарлау сатысында — 14 жоба.

Жасалған келісімшарттар саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы және Алматы қаласы көш бастап тұр.

Р. Дәленовтың айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жандандырып, рәсімдерді жеңілдету мақсатында заңнамалық түрде — бағдарламалық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жаңа құралы қарастырылған. Енді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік рәсімдерін салалық мемлекеттік бағдарламаларда қарастыруға болады.

Білім беруді дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларын салу жобалары іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар ұлттық экономика министрі «Дайын жобалар фабрикасын» құру туралы айтып берді, онда әлеуетті инвесторлар үшін жоспарланған және жүзеге асырылатын жобалар бірыңғай форматта және бірыңғай базада орналастырылатын болады. Бұдан өзге, халықаралық сарапшылардың соңғы ұсынымдарын имплементациялау жүріп жатыр. Халықаралық сарапшылар қоғамдастығымен бірлесіп, валюталық тәуекелдерді төмендету, ірі жобалар үшін халықаралық төрелік ұсыну, консорциумдар үшін мүмкіндіктерді кеңейту, жекеменшік әріптестің шығындарын өтеу рәсімдерін жеңілдету жөніндегі заңнамалық түзетулер пысықталуда.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылып жатқан жобаларға жан-жақты тоқталды. Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ жетекшілік ететін салаларда МЖӘ тетігі шеңберінде жалпы 32 жоба іске асырылу және пысықталу сатысында, оның ішінде 10 жоба — республикалық, 22 жоба — өңірлік деңгейде пысықталуда.

Өңірлерде тұрғын-үй коммуналдық шарушылығы секторында іске асыру және пысықтау сатысында жалпы 20 жоба бар.

Сондай-ақ, Р. Скляр жылумен, сумен жабдықтау, су тарту жүйелерінде мемлекеттік сектордың үлесі 90%-дан астамды құрайтынын айтты. Сонымен қатар, аталған секторға инвестицияларды тартуды қамтамасыз ету үшін заңнамалық, қаржылық және басқа да қажетті шаралар кешені әзірленуде.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы