378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Kazakh Invest» АҚШ-та жұмыс ауқымын кеңейтті

  • 108
«Kazakh Invest» АҚШ-та жұмыс ауқымын кеңейтті

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы АҚШ-та жұмыс ауқымын кеңейте бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның басты мақсаты – Қазақстанда кәсіп дамытуға ынталы инвесторларға сапалы көмек беріп, жұмысын ұйымдастыру кезінде әкімшілік, құқықтық және техникалық мәселелерді шешуге қолдау көрсету болып отыр. АҚШ іскер қауымымен кездесулерінде «Kazakh Invest» өкілі Дәулет Саудабаев ел экономикасын жаңғырту бойынша қабылданған шаралар, инвестициялық пен салық саясатының жақсаруы мен өндірістік пен көлік инфрақұрылымының жетілдірілуі жөнінде баяндап жүр. Шетел инвесторларының сенімін арттыруға бағытталған қосымша шара ретінде Қазақстан премьер-министрі төрағалығымен үйлестіруші кеңес құрылған. Ол инвестжобаларға қатысты барлық мәселелерді жоғары деңгейде талқылауға мүмкіндік береді. 

Дәулет Саудабаев, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының АҚШ-тағы өкілі:

– Тәуелсіздік алғаннан бастап Елбасының арқасында елімізге инвесторлар келе бастады. Мысал ретінде «Шевронды» айтуға болады. Бұл компания Қазақстан аймақтағы ең тұрақты алаңдардың бірі екеніне сенгендіктен, жұмыс істеп жүр. Осы алаңды әрі қарай дамытуымыз керек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қиындық болғанмен, қазір тұрақты әрі мықты экономикамыз бар.

Хабар 24 телеарнасы