378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанның туристік фирмалары Қазақстанға маусым турларын ашты

  • 124
  • UPD: 15:35, 10.05.2019

Ауа райының жылынуы мен жазғы демалыстардың басталуына орай, адамдар да демалыс орындарын таңдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Біреулерге жергілікті демалыс аймақтары ұнайды, енді бірі шет елдерге шығады. Қазақстан – Әзербайжан туристері таңдайтын бағытың бірі.

Жыл сайын 4 миллионнан астам әзербайжандық шет елдерге саяхаттайды. Дені демалыс уақытын жаз маусымына орайластырады. Туристік агенттіктер қазірден бастап ең қызықты турларды дайындауға кірісті. Олардың арасында Қазақстан да бар. 

Рахман Гулиев, туризм маманы:

- Әрине, біздің елмен арадағы іскерлік туризм жақсы жолға қойылған. Алайда қарапайым халықты демалыстарын Қазақстанда өткізуге қызықтыру қажет. Жуырда ашылған Баку-Алматы-Баку әуе қатынастары саяхатшыларды Қазақстанның көрікті қалаларына жеткізу мақсатында жүзеге асты.

Екі ел арасында аптасына екі рет әуе рейсі қатынайды. Сұраныс та айтарлықтай артып келеді. Туристік фирмалардың мәліметінше,  топтық туризмде қазақ елі көп таңдалады.

Рахман Гулиев, туризм маманы:

- Қазақстан туристік инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарында өте белсенділік танытуда. Ол өз нәтижесін беріп те жатыр. Қазақстанның географиялық орналасуы Шығыстан да, Батыстан да туристер тартуға өте қолайлы. Меніңше, Әзербайжан тарапынан түскен сұраныс өсіміне қарай, әуе рейстерінің саны да артады. Баға да бәсекеге қабілетті болады.

Фирмалар маусымға дайындалуда. Алғашқы тур 15 маусымда басталады. Алматы сұраныста бірінші орында. Бірақ бір турдың шеңберінде Алматыға да, Нұр-Сұлтанға да саяхаттағысы келетіндер бар. Сол себепті тур бағдарламасына Көк-Төбе, «Ғұндар» этоноауылы, Алматы өзендері мен Шарын шатқалына бару да енген. Алматыға арналған турлардың бағасы 740 доллардан басталады. Сарапшылардың пікірінше, болашақта тапсырыс ұлғайса, баға да сәйкесінше қолжетімді болмақ.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы