379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Иран арасындағы туризм саласы дамып жатыр

  • 163
  • UPD: 15:32, 10.05.2019

Соңғы жылдары Иран саяхатшылары Қазақстанға баруды жөн көреді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Әсіресе Тегеран-Алматы әуе қатынасы ашылғаннан бері қызығушылық артты. Тіпті туристік турлар да көбейді.

Қазақстан мен Иранның туризм саласындағы ынтымақтастығы осыдан 15 жыл бұрын орнады. Дегенмен оның қарқынды дамуына бірнеше кедергі бар еді. Атап айтсақ, Иранға қатысты енгізілген санкциялар мен визасыз режимнің болмауы, сонымен қатар жергілікті саяхатшылардың Қазақстан жайлы ақпараттың аздығы әсер етті. Алайда қазір Иран халқы Қазақстанды аралауға ниетті.

Алиреза Салехисират, «Салех Гяшьт Ария» туристік фирмасының басшысы:

- Саяхатшы дұрыс демалып қайтуды ойлайды. Ыңғайлы болғанын қалайды. Көлік ауыстыра берген ығырын шығарады. Сондықтан да мейлінше қолайлы жол қарастырады. Ирандықтар үшін Қазақстан әлі де сыралғы ел емес. Саяхатшылар Қазақстанды көруге ынтық, тіпті қыдырып баруды ойлайды. Қызығушылық артып келеді.  

Екі ел арасындағы туризм саласының дамуына Тегеран-Алматы әуе рейсінің ашылуы үлкен септігін тигізді. Тегерандықтар болса «тікелей әуе бағыты Қазақстанды тану үшін таптырмас мүмкіндік берді», – дейді. Бүгінде Тегеран-Алматы әуе бағыты Иранда ең танымал рейске айналды.

Хафез Садри, туристік компанияның бас директоры:

- Бұл рейс жолаушылар арасында танымалдыққа ие. Әуе бағытының ашылған күнінен бастап саяхатшылар туристік фирмаларға қоңырау шала бастады. Иран мен Қазақстан – бір-біріне өте ұқсас елдер. Ирандықтар қазақ халқы сияқты ақжарқын, кеңпейіл  халық. Сол себептен болар Қазақстанға барғысы келіп тұрады.    

«Визасыз режим енгізілсе, екіжақты туризм саласы одан әрі нығая түсуі мүмкін», – дейді сарапшылар. Бұл бастаманы өткен жылы Тегеран да қолдады. Әзірге оңайлатылған форматта коммерциялық заңды тұлғалардың ғана ұшу мүмкіндігі бар. 

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы