387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роман Скляр Павлодар облысындағы бірқатар кәсіпорынды аралады

  • 372
  • UPD: 16:52, 10.05.2019
Роман Скляр Павлодар облысындағы бірқатар кәсіпорынды аралады miid.gov.kz

Министр бірінші болып Бозшакөл тау-кен байыту кешені «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Ол кәсіпорын мыс рудасын өндіру мен байыту жөніндегі 2015 жылы іске қосылған ұзақ мерзімді стратегиялық жоба. Жоба индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі басымды жобалардың бірі болып табылады. Жоба арқылы мыс пен алтынның тұрақты экспортын жолға салуды жоспарлануда. Қуаттылығы 2025 жылға дейінгі кезеңде мыстың катодты эквиваленті 100 мың тоннаға дейін және 120 мың алтын унциясына дейін болып келеді.

Сонымен қатар Роман Скляр ертеден келе жатқан ірі көмір кәсіпорындарының бірі - «Богатырь Көмір»ЖШС-нің жұмысымен танысты. Оның «Богатырь»және «Северный» разрездері бүгінде Қазақстан бойынша көмір өндірісінің жалпы өнімінің 44% құрайды. Кәсіпорын толық қуаттылықпен жұмыс істейді, 2018 жылы бұл кәсіпорын 45 млн тоннаға жуық көмір өндірді. Оған қоса, бұл өңірдің ірі жұмыс беруші кәсіпорны болып табылады. Кәсіпорында 6,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

«Қазақстан теміржол компаниясы» ЖШС жүк вагондарын шығарады. Қазіргі уақытта компания жылына 2000 жартылай вагон, 500 жабық вагон немесе 500 платформасын шығара алады. Министр компания басшылығымен, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен мұндағы мәселелердің шешімін табу жолдарын талқылады.

Министр компания басшылығымен тапсырыс берушілердің және жеткізуші тараптардың өкілдерімен бірге қиындықтарды шешу мүмкіндіктерін талқылады.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Роман Скляр журналистер қойған сұрақтарға жауап берді.

Хабар 24 телеарнасы