378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде кәсіпкерлер мәліметті бірден ғаламторға жіберетін кассалық аппараттар орнатты

  • 94
  • UPD: 07:23, 11.05.2019
Өскеменде кәсіпкерлер мәліметті бірден ғаламторға жіберетін кассалық аппараттар орнатты

Онлайн сауда дамып келеді. Өскемендік кәсіпкерлер мәліметтерді бірден ғаламторға жіберетін кассалық аппараттар орнатып жатыр.

Елімізде бұл технологияны кезеңмен енгізу жұмыстары сәуір айында басталды. Облыс орталығында жаңа жүйе іске қосылғалы бюджет түсімі 25 процентке өскен. Сарапшылардың айтуынша, онлайн-кассалық аппараттарды қолдану салық саласындағы ашықтықты қамтамасыз етеді. Бұл тауардың нарыққа шыққан кезінен бастап, тұтынушыға дейінгі кезеңін бақылауға мүмкіндік береді.

Алмас Алашпаев, Өскемен қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

- Бүгінгі таңда салықтың түсуі де көбейді. Және де айта кететін жайт, бұл базарда пост терминалдар орнатылған. Жылдың аяғына дейін бүкіл салық төлеуші осы онлайн бақылау машиналарына көшуіне сәйкес, сондықтан да жыл аяғына дейін бұл жұмысты жалғастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы