379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Оңтүстік Корея цифрландыру тәжірибесімен алмасты

  • 135
  • UPD: 08:45, 12.05.2019

Министрлік пен әкімдік қызметкерлері Таңғы самал елінде өткен семинарға қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бескүндік шараны Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірілік хаб ұйымдастырды.

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер оңтүстіккореялық әріптестермен тәжірибе алмасу үшін таң тазалғы еліне келді. Семинар жұмысына қатысып, білімдерін жетілдірді. Қамтылған тақырып – цифрландыру саласы. Оңтүстік Корея осы бағытта біршама озық тұр. Электрондық үкіметті даму көрсеткіші жағынан әлемде екінші орында тұр. Қазақстан отыздықтың ішінде. Ал өткен айда оңтүстіккореялықтар 5 джи байланысты пайдалануға мүмкіндік алды. Оның бір артықшылығы, қашықтан медициналық оталар санын арттыруға болады. 

Филипп Ли, Корея республикасының қоғамдық әкімшілік және қауіпсіздік министрлігінің өкілі:

– Қазақстанның жер аумағы үлкен. Сондықтан өңірлерде білікті дәрігерлер жетіспеуі мүмкін. Корея Республикасының көлемі жағынан шағын болса да дәл сондай мәселе туындайды. Алыстағы өңірлерде сауатты дәрігерлер тапшы. Сондықтан біз 5 джи технологиясын пайдаланып, қашықтан операция жасаймыз. 

Инчхон халықаралық әуежайында биыл биометриалық бет-әлпетті таңу технологиясы енгізілген. Ол ұшаққа төлқұжат және отырғызу талонсыз мінуге мүмкіндік береді. Жергілікті мамандар қазақстандық әріптестерін осы және басқа да тың технологиялық жетістіктерімен таныстырды.

Осы жүйе пайдалана отырып, экспорт және импорт өнімдерін кедендік рәсімдеуді жылдам жүргізеді. Мұндай технологияны кез келген мемлекетте, яғни Қазақстанда да енгізуге болады. Өйткені ол халықаралық талаптарға сай келеді.  

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында кейбір ақылды технологиялар осы жылда енгізіледі.

Абылайхан Оспанов, ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

– Көлік санына, кептеліске байланысты жұмыс істейтін ақылды көше қиылыстарымыз бар. Автобустар қай уақытта келеді, соны хабарлайтын ақылды аялдамаларымыз бар. Сондықтан смарт сити жобасының енгізілуі іс жүзінде барлық қалада басталды.

Қазақстан электрондық үкіметі Оңтүстік Корея моделі арқылы дамыды. Ол құпия емес. Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық одан әрі жалғасады. Жақында өткен екі ел Президенттерінің келіссөздер қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтанда қазақ-корей халықаралық IT орталығы ашылады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы