389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік шаруалар Австралиядан 4 жарым мың бас ірі қара сатып алмақ

  • 328
Ақтөбелік шаруалар Австралиядан 4 жарым мың бас ірі қара сатып алмақ

Ақтөбелік шаруалар Австралиядан 4 жарым мың бас ірі қара алдырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зеңгі баба тұқымы осы айда батыс өңірге жеткізіледі. Айта кетерлігі, өңірге келетін төрт-түлік етті болуы тиіс әрі шекараның ар жағынан келуі керек. Бұл – «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының басты талабы. Осының арқасында жануарлар саны артып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік молаяды. Сәйкесінше шаруа қожалықтары да көбейеді. Жалпы өңірге биылдыққа асыл тұқымды 16 мың бас әкелінуі тиіс. Соның нәтижесінде етті ірі-қара өсіруді жоспарлаған 160-қа жуық жаңа серіктестік ашылмақ. Оларға мемлекет тарапынан қолдау жан-жақты болады. Мәселен. тек «Сыбаға» бағдарламасы аясында 5 ай ішінде 8 мыңнан астам сиыр сатып алуға несие бөлінген.

Құсайын Сәрсембай, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Бізге ең көп келіп жатқаны – ангус тұқымды ірі-қара және герефорт тұқымды ірі-қаралар. Сонымен қатар биыл 3 мың бас қалмақ тұқымды сиыр әкелеміз деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы