378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында бизнесті дамытуға 40 млрд теңге жұмсалмақ

  • 53
  • UPD: 08:20, 14.05.2019
Ақтөбе облысында бизнесті дамытуға 40 млрд теңге жұмсалмақ

Биыл Ақтөбе облысында бизнесті дамыту үшін 40 млрд теңге жұмсалмақ.

Өткен жылы өңірде үш мыңға жуық кәсіпкерлік нысанына 36 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. Ал бүгінде аймақта 67 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғанда тұрақты және қарқынды жұмыс істеп тұрғандары 10 процентке өскен. Бұл салада еңбек ететіндердің саны 139 мыңға жуықтайды. Былтыр өңірдегі кәсіпкерлік нысандары 876,5 млрд теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсеткен.

Гүлшат Берқалиева, облыстық кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы:

- Облыста «Бизнестің жол картасы-2020» мен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары сәтті жүзеге асырылып келеді. Биыл мыңдаған кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. Қазірдің өзінде қызмет көрсетумен және сауда-саттықпен айналысатын жүзден аса іскер азамат мемлекеттік қолдауға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы