378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы ШОБ үлесі биыл 40 процентке артқан

  • 109
  • UPD: 11:37, 14.05.2019

Алматы қаласының экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі жыл басынан бері 40 пайызға артқан.

Кәсіпкерлер салық төлеуден де алдыңғы қатарда. Бұл мәліметтерді шаһар басшысы Бауыржан Байбек өзінің Twitter парақшасында жариялады. Сонымен қатар, кәсіпкерлікке берілетін несиелерді субсидиялау үшін қосымша 2 миллиард теңге бөлінген. Осылайша, бизнесті мемлекеттік қолдау көлемі 6 миллиардқа жетті.

Зәуре Уәлиева екі баланың анасы. Балаларының заманға сай білім алуын қалаған ол халықаралық дәрежедегі оқу орталығын ашуға бел буады. Жас кәсіпкерлерге арналған бірнеше курсты бітіріп, Лондонның ағылшын тілін оқытатын әдістемелік сертификатына қол жеткізеді. Оқу орталығын ашу үшін жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несие алыпты.

Зәуре Уәлиева, кәсіпкер:

- Аз уақытта орталықты ашып, балаларға қосымша ағылшын тілін оқыта бастадық. Бұл жерден олар халықаралық дәрежедегі сертификат алып шығады.

Мемлекеттік бағдарламаның игілігі көп. Өткен жылы 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі грантты 100 кәсіпкер иеленсе, биыл мұндай  көмек  800 бизнес жобаға беріледі. Ал жастар жылына орай өз кәсібін ашамын деген 18 бен 29 жас аралығындағы жастар 200 айлық көрсеткіш көлеміндегі грант ала алады.

Тынышқали Сәбен, қалалық кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің сарапшысы:

- Жұмыспен қамту орталығына арызын білдіріп, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, сол жақтан үш айлық курстан өтіп, біздің кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес планын жасатып, 003202 қайсысы қазіргі таңда сұранысқа ие 003207 оны комиссия қарастырады, бизнес жобасын жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер бар.

Алматыда өз ісін ашу жақсы үрдіске айналған. Мәселен, сәуір айында мегаполисте 170 мың шағын кәсіпкер тіркелген. Олардың көбі сауда саласында.

Аспен Досмағанова, «Атамекен» ҰКП Бизнесті қолдау бойынша директорының орынбасары:

- Алматы - үлкен сауда хабы. Кірісі мен шығысы ежелден белгілі. Сондықтан кәсіпкерлердің 37 пайызы саудамен айналысады.

Қазір еңбекпен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлер бизнестің басқа да бағыттарын меңгеруде. Мамандардың айтуынша, сұлулық индустриясы, жөндеу жұмыстары, консалтинг пен ғылым саласында да шағын кәсіпкерліктің үлесі басым.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Қанат Қаматаев

Хабар 24 телеарнасы