378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да отағасы жұмыссыз қалған отбасы мемлекет есебінен өз кәсібін ашты

  • 85
  • UPD: 11:43, 14.05.2019

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек тапқан.

Мыңдаған өңір тұрғыны биыл бизнес негіздерін оқып үйренетін болады. Аталған бағдарламаны іске асыруға аймақта 7 миллиард теңге жұмсалмақ.

Қаратөбе ауылының тұрғыны Жібек Сарестекова 5 баланың анасы. Көп жыл пошта жүйесінде хат тасушы болып еңбек етіпті. Бүгінде ұлды ұяға, қызды қияға қондырған. Қазір зейнеткер.

«Отағасы 4 жылдан бері жұмыссыз. Дегенмен, қол қусырып қарап отыруды қаламаймыз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекті пайдаланып, өз кәсібімізді бастадық», - дейді ол.  

Жібек Сарестекова, зейнеткер:    

- Үйдің жанынан цех салып жатырмыз. Соны жандандыру үшін Атамекен қорынан тағы 2 миллион несе сұрап отырмыз. 2 миллионға осы Үйдің жанынан цех ашып, көрпе жасайтын орын, сосын іс тігетін орын, әсіресе галантерея бізде магазинде жоқ, сондай мата сататын етіп цехты үлкейткім келеді.

Көрпе-жастық тігу үшін ең алдымен сапалы шикізат қажет. Еңбекқор отбасы бұл мәселенің де шешімін тапты. «Бастау бизнес» арқылы берілген 240 мың теңгені мына жүн түтетін аппаратты сатып алуға жұмсапты. Қазір ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарынан жүн-жұрқа алып, кәдеге жаратуға кірісті. Бағдарлама игілігін көре бастаған тағы бір тұрғын Самат Құлбеков. Ол несие түрінде қолына тиген 2 миллион теңгеге 7 бас ірі қара сатып алыпты.

Самат Құлбеков, Қаратөбе ауданының тұрғыны:

- Қазіргі таңда малдың көбі өрісте. Толықтай төлдеп тұр. Мынау 7-төлдеген кішкентай, өзіңіз көріп тұрсыз. Кредитті төлеу, жылдық пайызы, жеке бизнес, отбасылық бизнес бастаймын  кісілерге өте тиімді жоба деп ойлаймын.

Самат Хангереев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:  

- Облыс бойынша биыл 1106 кісіге шағын кредит беру, 543 кісіге грант беруді жоспарлап тұрмыз. Ол көбіне кредит беру үшін бағдарлама бойынша бизнес бастау жобасы бойынша 1 айлық кәсіптік негіздеріне оқыту жоспарланған. 1000 кісіні оқытатымыз деп жоспарладық, бүгінгі күні 500 ден астам кісі бастау бизнес жобасы бойынша оқып жатыр. 

Кәсібін өрістетуге ниетті тұрғындарға 18 миллион теңгеге  дейін жеңілдетілген несие беріледі. Сонымен қатар қайтарымсыз гранттар бөлу де қарастырылған. Айта кету керек, бағдарлама аясындағы гранттардың көлемі биыл 200 айлық есептік көрсеткішке дейін өсіп отыр.  

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы