378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық экономика министрі өнеркәсіп саласы баяулаған аймақтарды атады

  • 90
  • UPD: 14:18, 14.05.2019

Биыл алғашқы төрт айда еліміздегі жалпы ішкі өнім 4 процентке өсті. Ал инфляция 1,8 процент деңгейінде, жылдық мәнде 4,9 процент.

Яғни жоспарланған дәлізде. Бұл туралы төрт айды түйіндеуге арналған үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады. Қаңтар-сәуір аралығында құрылыс саласы 8,4 процентке, сауда-саттық 7,3, көлік саласы 4,8 және жеңіл өнеркәсіп 27,4 процентке өсім көрсетіп, экономиканың драйверіне айналды. Қаңтар-наурыз аралығында еліміз сырт мемлекеттермен 20,4 миллиард АҚШ долларына сауда жасады. Яғни алғашқы үш айда Қазақстан 13,3 милллиард доллардың тауарын сатты. Сонымен қатар 7 миллиард АҚШ долларына тең тауар импорттады. Айта кету керек, есептік кезеңде импорт 2,7 процентке кеміген. Жиында жетістіктермен қатар кенже қалып жатқан тұстар да айтылды. Министр өңірлердегі өнеркәсіптің жағдайын атап өтті.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Өнеркәсіп бойынша Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары теріс мән көрсетті. Ауыл шаруашылығы бойынша Маңғыстау облысынан басқа барлық өңірлерде оң үрдіс сақталуда. Құрылыс бойынша Нұрсұлтан қаласы, Ақмола және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы артта қалған өңірлердің қатарында қалуда.

Хабар 24 телеарнасы