378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның валюта нарығында тұрақтылық байқалады

  • 99
  • UPD: 23:32, 14.05.2019

Валюта нарығындағы операцияларға байланысты Қазақстанда ақша айналымы өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Алматыда өткен брифингте Қазақстан қор биржасының өкілдері хабарлады. Сәуір айында сауда көлемі 800 миллиард теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткіштен 1 процент жоғары. Жалпы сарапшылардың айтуынша, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы тұрақты. Бірақ Ресей рублі мен Қытай юаніндегі бағам әлсіреген. «Бұл – нарық реттеушілерінің енгізген өзгерістерінің әсері», – дейді сарапшылар.

Андрей Цалюк, «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма басшысының орынбасары:

- Ұлттық банк 19 сәуірде базалық мөлшерлемені 9 пайызға төмендету тралы шешім қабылдады. Әрине, бұл айырбас бағамына қысымды күшейтеді. Яғни теңгенің долларға шаққандағы бағамы төмендеуі мүмкін. Бірақ оған қарамастан теңге тұрақтылығын сақтап қалды.

Хабар 24 телеарнасы