389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


AЭФ – өзекті мәселелер талқыланатын жаһандық алаң

  • 668
  • UPD: 09:39, 15.05.2019

Польшаның жетекші бизнесмендері Астаналық экономикалық форумға қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Делегацияны кәсіпкерлік және технологиялар министрінің орынбасары Тадеуш Кощчиньски басқарып келеді. Ол Қазақстанға бірнеше рет келген, бірақ экономикалық форумның жұмысына алғаш рет қатысайын деп отыр. Арнамызға берген сұхбатында Тадеуш Кощчиньски форумды бүкіл әлемге өзекті мәселелер талқыланатын жаһандық алаң деп атады.

Тадеуш Кощчиньски, Польша кәсіпкерлік және технологиялар министрінің орынбасары:

– Экономикалық форум Қазақстанға ғана емес, бүкіл аймаққа маңызды шара деп санаймын. Бұл – расында да жаһандық форум, өйткені оған бүкіл әлемнің сарапшылары қатысады. Биыл 100 елден келеді. Форумда түрлі қызық сессиялар өтеді. Өкінішке орай барлығына қатыса алмаймын. Мені 4-өндірістік революция тақырыбы қызықтырады, бұл – интернет-технологиялар мен деректерді өңдеу. Жасанды интеллект – экономикамыздың болашағы.

Хабар 24 телеарнасы