379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ: Еркін экономикалық аймақтарының форумы басталды

  • 86
  • UPD: 13:32, 15.05.2019

Бүгін он екінші Астана экономикалық форумы аясында Дүниежүзілік кеден ұйымының Еркін экономикалық аймақтарының форумы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға сауда-саттық рәсімдерін жеңілдету және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру тақырыбы арқау болды.

Данияр Сұлтанұлы, тілші:

– Еркін экономикалық аймақтағы сауда-саттық және кедендік бақылауды жеңілдету. Форумға қатысушылар осындай мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Аталған тақырып бүгінде өтке өзекті. Себебі бұл салада ТМД мемлекеттері арасында Қазақстан жоғарғы жетістіктерге жеткен елдер қатарында.

Бүгінде республика бойынша 12 ЕЭА бар. Олардың жұмысы бизнестің дамуына үлкен мүмкіндіктер ашуда. Салықтық және кедендік жеңілдіктер өндірілетін тауардың өзіндік құнын төмендетуге ықпал етеді, инвесторлық тартымдылықты арттырады. Соңғы жылдары еліміздегі логистика тұрғысында едәуір ілгерілеушілік байқалады. Қазақстанның транзиттік әлеуеті әлемдік саудада үлкен қызығушылыққа ие. Мысалы, «Бір белдеу, бір жол» жобасы ерекше атап кетуге тұрарлық.

Форум жұмысына Дүниежүзілік кеден ұйымының 30-дан астам кеден қызметі мемлекеттерінің өкілдері, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі, Еуропалық комиссия, Қазақстанның Еркін экономикалық аймақ операторларының өкілдері қатысты.

Анна Хинохоса, Дүниежүзілік сауда ұйымының сақтау және оңтайландыру департаментінің директоры:

– Зияткерлік құқықтың бұзылуы, алкоголь, темекі өнімдерінің заңсыз сауда-саттығы – өткір тұрған мәселелердің бірі. Сондықтан Еркін экономикалық аймақтың құрылуы осындай әрекеттерге тосқауыл қоюға негізделген. Мақсатымыз – заңның орындалуын қамтамасыз ету.

ЕАЭ мемлекеттік экономикалық саясаттың басты құралы боп табылады. Мұнда инвестициялық климат құруға бар жағдай қарастырылған.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы