378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Қазақстан-АҚШ бизнес форумы өтті

  • 74
  • UPD: 17:41, 15.05.2019
Елордада Қазақстан-АҚШ бизнес форумы өтті

Алқалы жиынға бірқатар министрлер мен кәсіпкерлер қатысты. Арасында америкалық ірі компаниялардың жетекшілері бар.

АҚШ Қазақстанның басты серіктестерінің бірі. 2018 жылдың қаңтарында Ақ үйде Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп қос ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде уағдаласқан болатын. Енді құжатқа сәйкес қос тарап инвестициялық, сауда-экономикалық әріптестіктің көкжиегін кеңейтуге мүдделі. Жалпы былтыр  АҚШ-тан бізге тартылған тікелей инвестиция 5,3 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда шамамен 45 процентке артық. Қазір елімізде америкалық капитал арқылы 524 компания жұмыс істейді. Оның 141-ін қос мемлекет бірлесіп ашқан.

Эрдинч Гюзель, кәсіпкер:

- Қазақстанның тұрақты дамуына біздің компания өзіндік үлесін қосып келеді. 2013-2017 жылдары Қазақстанның ЖІӨ-дегі компанияның толық үлесі шамамен 300 млрд теңгені құрады. 2017 жылы кәсіпорынымыз көтерме сауда секторында мемлекеттік бюджетке 14 миллиард теңгеден астам салық пен өзге де төлемдерді аударды. Елде бизнес орта үшін жасалған қолайлы жағдай арқылы біз нәтижелі жұмыс істеп келеміз.

Хабар 24 телеарнасы