378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның тамақ өнімдері Қытайға экспортталады

  • 64
  • UPD: 18:18, 15.05.2019
Қазақстанның тамақ өнімдері Қытайға экспортталады

Қазақстанның тамақ өнімдері мен өндірістік тауарлар Қытай нарығына шығарыла бастайды.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен  Қазақстан мен Қытайдың ІІ-өңіраралық ынтымақтастық форумында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мәлімдеді. Қазіргі уақытта еліміздің әр өңірінде  құрылыс, машина жасау, тау-кен, фармацевтика салалары бойынша 27 миллиард доллардың 55 бірлескен жобасы қолға алынған. Форумға Қытайдың 11 провинциясынан, еліміздің 14 өңірінен  150 компания өкілдері қатысты. Шара аясында халықаралық талаптарға жауап беретін қазақстандық тауарлар көрмесі өтті. Алдағы уақытта отандық бал өнімдері, құрғақ бие сүті аспан асты еліне экспортталмақ.

Қадырбек Мейрамбеков, кәсіпкер:

- Қытайда біз бірнеше көрмеге қатыстық. Осы өткен жылдың күзіндегі Шанхайдағы көрмеде біздің павильоннан бірнеше жүз метр очередь, саумалдың дәмін көреміз деген. Қытайлар ынталы біздің биенің сүтіне. Шекара ашылысымен бірінші партия Қытайға кірісімен экспортный жағдай түзеледі.

Хабар 24 телеарнасы