379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ-тен кейін 50-ден астам жобаға инвестиция тартылуы мүмкін

  • 87
  • UPD: 20:40, 15.05.2019

ХІІ Астана экономикалық форумынан соң 50-ден астам жобаға инвестиция тартылуы мүмкін.

Еліміздегі экономикалық зерттеулер институтының мамандары осындай болжам жасап отыр. Халықаралық пікір алаңына айналған форумда тың идеялар қалыптасады екен. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан және жаһандық әлем: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты арнайы зерттеу таныстырылды. Танымдық құжатта әлемдегі халықаралық үдерістер мен трендтерді талдау, оларды Қазақстанның жағдайында пайдалануға басымдық берілген.

Айбол Арғынғазинов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры:

- Тек ғана экономика салаларының өзіне ғана осы форумның өткізуінен 3 млрдтан астам теңге қаражаит құйылады. Біз солай есептеп, болжап отырмыз.  Біздің елімізге бірнеше миллиардтаған теңге көлемінде инвестициялар келеді. Ол біздің экономика салаларын, өңірлерімізді дамытады. Бір сөзбен айтқанда бұл шараның үлкен мультипликативтік әсерін біз көретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы