379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен «Атамекен» палатасы бизнесті бірлесіп дамытуға келісті

  • 80
  • UPD: 22:40, 15.05.2019

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы отандық бизнесті бірлесіп дамыту туралы келісімге қол қойды.

Демек, қазақстандық тауар өндірушілерге Қор компанияларымен ұзақ-мерзімді келісім-шарт жасау мүмкіндігі туып отыр. Бұл орайда мемлекеттік сатып алуға тікелей жол ашылады. Жаңашылдықтың бір бағыты «Сатып алудың бірыңғай терезесін» құруға негізделген. Аталған құрал мемлекеттік тендердің жариялылығын арттырып, тәуекелдерді азайтады.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» Басқарма төрағасы:

- Отандық тауар өндірушілерді қолдау сатып алу жүйесін дамытудағы негізгі мақсаттарымыздың бірі. Қазақстандық тауар өндірушілердің дамуының арқасында Қордың компаниялары сапалы тауарды тиімді бағамен сатып алуда. Соның арқасында сатып алуға бөлінген қаражат айтарлықтай үнемделуде.

Хабар 24 телеарнасы