379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі мемқызметшілер жалақы төлеудің жаңа жүйесімен бонусқа ие болды

  • 111
  • UPD: 23:13, 15.05.2019
Еліміздегі мемқызметшілер жалақы төлеудің жаңа жүйесімен бонусқа ие болды

Мемлекеттік қызметкерлердің шотына бір мезетте екі жарым миллион теңгеге дейін қаражат түсті.

Бұл оларға жалақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша берілген бонус. Олжалы болғандар сапында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері бар. Мұның алдында бонус бөлу әдісі 6 мемлекеттік органға енгізілді. Оған әкімдіктер де кіреді. Бірақ әзірге сынақ жүзінде. Жаңа жалақы жүйесінде – мерекелік сыйақылар мүлдем берілмейді. Бірақ ай сайынғы еңбекақы 30-дан 60% процентке дейін өсті. Бұған қосымша әлгінде айтқан бонус бар. Мұны алу үшін тек нәтижелі еңбек ету керек. Ал төмен баға алғандар бонус тұрмақ жұмыстан да айырылады.

Айгүл Шайымова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

- Қазіргі кезде бонустың қорын да анықтадық. Орташа көлеммен ол 5 оклад құрды. Сомасын айтсақ 1 млн 200 мың теңге, өте жақсы деген 2 млн 500 мың теңгеге тақайды.

Хабар 24 телеарнасы