378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Иранмен арадағы әріптестікке жаңа формат енгізеді

  • 69
  • UPD: 15:28, 16.05.2019

Басымдық жекелеген провинциялармен нақты әріптестік орнатуға беріліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бірінші кезекте Нұр-Сұлтан өз тиімділігіне жарайтын территория ретінде Фарс провинциясын таңдады. Бұл аймақ ғылым мен ауыл шаруашылығы сияқты салада көш басында тұр. Бүгінде қос тарап әріптестікті бір жолға қоюдағы нақты қадамдарды талқылады.

Фарс провинциясы Иранның шығысында, Парсы шығанағы жағалауында орналасқан. Әкімшілік орталығы – тарихи Шираз қаласы. Шаһар елдегі танымал туристік аймақтардың бірі болғандықтан, Қазақстан өңірге қызығушылық танытып отыр. Тараптар туристік және медицина саласында әріптестік орнатпақшы. Ауылшаруашылық саласын да бірігіп дамыту жоспарда бар. Қазақстан бұл аймақтан томат пастасын, көкөніс, сүт өнімдерін сатып алуды көздеп отыр. Сондай-ақ провинцияның ең бағалы тағамы – тосапты сатып алмақшы. Ал Иран тарапы бізден арпа, бидай, қой еті мен мал алуға ниетті.

Хамидреза Тахмасби, экономикалық шолушы:

- Фарс провинциясының орталығы Шираз қаласы – туристік салада Пасаргад, Персеполис сияқты мыңжылдық тарихымен, қонақжайлылығымен танылған әлемнің ең ірі қалаларының бірі. Бұл қазақстандық туристер үшін сөзсіз қызықты болады. Шираздың қолайлы ауа райы мен көрікті қала аймағы – бұлар туризмнің тек бір түрі. Иранда мұнымен қатар медициналық туризм де танымал.     

Фарс провинциясының медициналық туризмі соңғы жылдары әлемге таныла бастады. Ширазда трансплантологиялық ірі клиника орналасқан. Ауруханада операцияның түр-түрі жасалады. Қызметті көбіне Иранның және Парсы шығанағының халқы пайдаланады. Шахид Немазе клиникасы бауыр, жүрек және өкпе алмастыруда әлемде алдыңғы орында.

Наджмоддин Ахманд, экономист:

- Жалпы алғанда, Қазақстанға Фарс провинциясымен медицина сияқты, ғылыми-инженерлік салада да әріптестік орнату қызықты болады. Жоғары білікті мамандармен, студенттермен тәжірибе алмасу да ұтымды. Оның үстіне Фарс провинциясы – ерте дәуірде әдебиет астанасы саналып, Қазақстанға импорттауға болатын қолөнер бұйымдарымен аты шыққан өлке. Иран мен Қазақстан әрі пайдалы қазбалар сферасында да әріптестік орнатуы ықтимал. 

Тағы бір бағыт – көлік қатынасы. Солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын шойын жолдың көмегімен Қазақстан өз өнімін Парсы шығанағындағы аймақтарға импорттай алады. Ал нақты қай саланың басымдыққа ие болатыны маусымда – қазақстандық делегацияның Фарс провинциясына жасайтын сапары барысында белгілі болады. 

Авторлары: Ертай Нүсіпжанов, Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша және Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы