379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эрик Райнерт: Протекционизм – әлемдік саясаттың салқын тұсы

  • 83
  • UPD: 15:27, 16.05.2019

Байлығы басынан асқан мемлекеттер тауарға салынатын салық мөлшерін ұлғайтпауы қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астана экономикалық форумына келген бірқатар белді сарапшының пікірі осыған саяды. Мәселен, норвегиялық экономист, Таллин техникалық университетінің профессоры Эрик Райнерт бірнеше әлемдік держава жүргізіп отырған саясаттың кері әсері зор дейді.

Эрик Райнерт, норвегиялық экономист, Таллин техникалық университетінің профессоры:

- Әртүрлі пікірлер тоғысатын Астана экономикалық форумының ұйымдастырылуы өте маңызды деп ойлаймын. Себебі, әлем тығырыққа тірелген тұста жан-жақты көзқарастар қалыптасуы қажет. Қазір дамушы елдер үшін сауда-саттық саласында зор мүмкіндік туып отыр. Қазақстанның Ресей, Армения сынды елдермен осы істі жолға қойғаны өте орынды. Тараптар тең дәрежеде табыс тауып келеді. Бірақ аса байып кеткен мемлекеттер протекционизмге жол бермеуі қажет. Әлемді алаңдататын жайттың бірі осы.

Хабар 24 телеарнасы