389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Давид Цецуда: АЭФ – бизнесмендер үшін маңызды іс-шара

  • 339
  • UPD: 15:26, 16.05.2019

Астаналық экономикалық форум – Орталық Еуропа бизнесмендері үшін маңызды іс-шара, деп хабарлайды «Хабар 24».

Польшаның іскер қауымы осы форумға үлкен қызығушылық танытып отыр, өйткені Қазақстан олардың аймақтағы ең ірі серіктесі. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард еуродан асқан. Нұр-Сұлтанға ұшып келген делегация құрамында министрліктер өкілдері мен ірі компаниялардың басшылары бар. Польша инвестициялар мен сауда агенттігінің Қазақстан бойынша басқарушысы Давид Цецуданың айтуынша, поляктар үшін Астаналық экономикалық форумы – жаңа бизнес-байланыстар орнатуға жол ашатын беделді алаң.

Давид Цецуда, Польша инвестициялар мен сауда агенттігінің қазақстан бойынша менеджері:

- Біздің агенттік жыл сайын Астана экономикалық форумына қатысады. Бұл – біз үшін инвестициялық қорлар және түрлі елдерден келген жаңа сауда серіктестермен кездесудің таптырмас мүмкіндігі. Өз жағымыздан біз Польша фирмаларын шақырып, осы форум аясында кездесулер ұйымдастырамыз. Сондай-ақ жаңа технологиялар саласында келісімшарттар жасауға қолдау көрсетеміз. Бізге 4-өндірістік революция жөніндегі панельді пікірсайыс өте қызық. Польшаның цифрландыру және балаламалы энергетиканы енгізу жоспары бар. Сол себепті осы тақырыптағы сессиялар біз үшін қызықты.

Хабар 24 телеарнасы