Әсіресе креативті идеясын ұсынатын азаматтар қоғамда қашан да сұранысқа ие, деп хабарлайды «Хабар 24».
Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Ерлік Қаражан осылай дейді. Жалпы, экономиканы дамытудың драйвері көп. Тек мемлекет ұзақ мерзімді стратегияны ұстап тұруға мүдделі болуы керек. «Елімізде 2030-2050 жылға дейін жоспарланған бірқатар бағдарламалар сәтті жүзеге асты. Оған, әрине, адамдардың ерен еңбегі мен тұшымды ой-пікірі себеп болған дейді», – форумға қатысушы.