378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар: ІТ саласында озық ойлы кадрлар даярлау қажет

  • 74
  • UPD: 15:24, 16.05.2019

Ақпараттық қоғамды дамытудан цифрлық трансформацияға көшетін уақыт жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы 5-10 жыл көлемінде қаладағы өмірді осы бағытқа бейімдеу қажет. Елордада өтіп жатқан ХІІ Астана экономикалық форумының сарапшылары осылай дейді. Шара меймандары өз елдерінің тәжірибесімен бөлісіп, цифрлық экономика мен цифрлық мемлекет құруға үлкен мәліметтердің әсер ететіндігін алға тартты. Ол үшін басқа да жаңашылдықтарды қабылдау керек. «ІТ саласында озық ойлы кадрлар даярлау қажет», – дейді мамандар.

Александр Петров, Еуразиялық экономикалық комиссия минстрінің көмекшісі:

- Қазір цифрлық трансформация біздің өмірімізге еніп бара жатыр. Бұл әлеуметтік трансформацияны білдіреді. Біз байлық негізі ретіндегі капиталдан мәліметтерге, ақпаратқа көшіп жатырмыз. Дамыған мемлекеттерде бұл көш ілгері.

Хабар 24 телеарнасы