379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джордж Холлинбери: Британия үшін қазақстандық нарық өте тартымды

  • 65
  • UPD: 15:24, 16.05.2019

Лондонда британ-қазақ қоғамының мүшелері мен жергілікті жұртшылық «жаһандық дәліз» деп жиі атайтын Орталық Азияның көліктік-транзиттік әлеуетін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Біріккен Корольдік брексит жақындаған сайын Еуропадан тыс елдермен сауда-экономикалық әріптестіктің жаңа векторын іздеуге білек сыбана кіріскен.

Бүгінде Қазақстан мен Біріккен Корольдік мұнай-газ, тау-кен, қаржы және білім беру салалары бойынша байланыс орнатқан. Ұлыбритания Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің ондығына, ал инвесторларының алтылығына енеді. Соңғы 13 жыл ішінде Ұлыбританиядан ағылған тікелей инвестиция көлемі 13 миллиард АҚШ долларынан асып жығылды. Брекситке байланысты бұл көрсеткіштер ұлғаюы бек мүмкін, өйткені Британия Еуроодаққа мүше емес елдермен әріптестікті нығайтудың жаңа жолдарын қарастырып жатыр.

Джордж Холлинбери, Ұлыбританияның сауда саясаты бойынша министрі:

- Меніңше, қазақстандық нарық өте тартымды. Қарқынды дамып келеді. Британиялық бизнес үшін мүмкіндік көп. Бұл қазақстандық үкімет пен компанияларыңыз үшін Ұлыбританияға да инвестиция құюдың жақсы мүмкіндігі дер едім. Бұл тұрғыда біздің де көкжиегіміз кең. Қазақстанға деген құшағымыз айқара ашық.

Кездесуде сөз болған басты мәселелердің бірі – Орталық Азия және оның экономикалық һәм сауда дәлізі. Ал британ-қазақ қоғамының мүшелері бұл тек қана британиялық үкімет пен дипломатиялық корпустың өкілдері ғана емес, бизнес-элита да бар. Олар жоба жаһандық сын-тегеуріндерге төтеп беріп, жемісін береді деген сенімде.

Франческа Бентивена, британ-қазақ қоғамының мүшесі:

- Қытай мен Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» жобасының маңызды қатысушылар. Италияда біз мұны «Жібек жолы» деп атаймыз. Итальяндық ретінде бастама аясында Италияның алғашқы болып әріптестік орнатқанын мақтан тұтамын. Жоба сапа тұрғысынан дамып, халықтың әл-ауқатына дем беріп, нәтижелі болады деп сенемін. 

Алдағы айда британ-қазақ қоғамының мүшелері Каспий келісіміне байланысты шара өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар осы құжаттың мүмкіндіктері мен келешегіне қатысты мәселелерді талқыламақ.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы