389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүкіләлемдік банк сарапшылары АХҚО мамандарын оқытады

  • 374
  • UPD: 15:41, 16.05.2019

Денсаулық сақтау, білім беру және көлік.

Бүкіләлемдік банк Қазақстанда осындай салалар бойынша бірнеше ортақ жобаларды жүзеге асырмақ, деп хабарлайды «Хабар 24». Бес жылдық стратегия аясында халықаралық ұйым елімізде салық пен құқық қорғау бағытында да әріптестікті дамытпақшы. Осы ретте биыл бүкіләлемдік банк сарапшылары «Астана» халықаралық қаржы орталығының мамандарын қаржы саласындағы сот сараптамасы негіздеріне үйрететін болады. Мамандар мұны маңызды қадамға балап отыр.

Валид Малик, Бүкіләлемдік банктің мемлекеттік саланы дамыту департаментінің маманы:

- «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылғалы барлық механизмдердің құрылуына атсалыстық. Келешекте де орталықтың инвесторларды тарту ісінде ілгерілеуіне көмегіміз тиеді. Осы форумда біз бірқатар жобаларды талдайтын боламыз. Алдағы уақытта серіктестігіміз жемісті боларына сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы